Алматыда трактор мен жүк көлігінің соқтығысуынан бес адам зардап шекті

Алматы. 20 маусым. ҚазТАГ - Алматыда трактор мен жүк көлігінің соқтығысуынан бес адам зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Высоковольтная көшесінде орын алған ЖКО салдарынан бес адам зардап шекті. Трактор солтүстік бағытта жүріп келе жатқан, ол шұңқырға құлап, рөл тартқышы үзіліп, осы кезде Высоковольтная көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан техникалық көмек көрсететін жүк көлігіне соққан. ЖКО салдарынан бес адам зардап шекті: жүргізуші, кабинадағы екі жолаушы мен кузовта отырған екі адам», - деп хабарлады бейсенбіде оқиға куәгері «ҚазТАГ» ХАА тілшісіне.
Куәгер хабарлағандай, жүк көлігіндегі бес адамның барлығы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
ЖКО мән-жайын ара қарай анықтаумен полиция айналысуда.

adimage