Алматыда триатлоннан Азия Кубогі үшін бірқатар көшелер ішінара жабылады

Алматы. 27 шілде. ҚазТАГ – Алматыда триатлоннан Азия Кубогі үшін бірқатар көшелер ішінара жабылады, деп хабарлады Алматы триатлон федерациясының (АТФ) баспасөз қызметінен.
«Алматы әкімдігі мен Алматы триатлон федерациясы оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын жарыс күндері көшелердің ішінара жабылаты туралы хабардар етеді. 2018 жылдың 2-4 тамызында триатлоннан Азия Кубогін өткізу аясында жарыстың велокезеңі өтетін орындарда көлік қозғалысы үшін жолдар ішінара жабылады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
2 тамызда дайындық үшін сағат 14.00-14.45 аралығында Төле би көшесі бойымен (оңтүстік қапталы бойынша) Тілендиев көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін жол жабық болады, солтүстік қапталы көлік қозғалысы үшін ашық болады; Өтеген батыр көшесі бойында Төле би көшесінен Қуанышбаев көшесіне дейін жабық болады. Атап өтілгендей, барлық жолдар толығымен жабық болады.
3 тамызда жарыс кезінде сағат 6.30-13.00 аралығында Төле би көшесі бойымен (оңтүстік қаталы бойынша) Тілендиев көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін жол жабық болады, солтүстік қапталы көлік қозғысы үшін ашық болады; Өтеген батыр көшесі бойында Төле би көшесінен Қуанышбаев көшесіне дейін жабық болады. Ата өтілгендей, барлық жолдар толығымен жабық болады.
«4 тамызда жарыс кезінде сағат 6.30-15.00 аралығында Төле би көшесі бойымен (оңтүстік қапталы бойынша) Тілендиев көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін жол жабық болады, солтүстік қапталы көлік қозғылысы үшін ашық болады; Өтеген батыр көшесі бойында Төле би көшесінен Абай даңғылына дейін барлық жолдар толығымен жабық болады, Абай даңғылы бойында (солтүстік қапталында) Өтеген батыр көшесінен Саина көшесіне дейін көлік құралдары үшін қозғалыс ашық болады», - деп нақтылады АТФ.

adimage