Алматыда троллейбус жүргізушісінің денсаулығының күрт нашарлауы адам өлімі орын алған ЖКО себебі деп аталды

Алматы. 6 қаңтар. ҚазТАГ – Алматыда троллейбус жүргізушісінің денсаулығының күрт нашарлауы адам өлімі орын алған ЖКО себебі деп аталды, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Сәтпаев көшесімен троллейбус айдап келе жатқан жүргізуші Розыбакиев көшесіне жетпей денсаулығы күрт нашарлап, жол шетінде тұрақта тұрған үш машинаға соғып, сосын жаяу жүргіншіні қағып кеткен, ол болса ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Оқиға 5 қаңтар күні кешкісін болған.
«ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, оның абайсызда адам өліміне әкеп соғуы)бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ЖКО-дан кейін троллейбус жүргізушісі Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінің жан сақтау бөлімшесіне жеткізілді», - деді полицейлер.

adimage