Алматыда тротуарлар арасындағы көшеден кіру бөлігі тарылады

Алматы. 27 сәуір. ҚазТАГ – Алматыда тротуарлар арасындағы көшеден кіру бөлігі тарылады, деп хабарлады қаланың баспасөз қызметінен.  
«Ұзындығы 30 шақырым болатын жаңа тротуарларды жөндеу мен салу жұмыстары басталды. Қаланың 157 көшесін жөндеу барысында жүргінші жолдары да жаңарады. Көше-жол жүйелерін жөндеу кезінде бұзылған арық науалары ауыстырылып, керексіз конструкциялар алынып, жасылдандыру атқарылады. Қозғалыстың өткізу қабілетін арттыру мақсатында жиектегі тұрақ қалталары ғана абаттандырылады. Жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшеден кіру бөлігі тарылады», - делінген жұмада таратылған хабарда.  
Қалалық әкімдік ақпарынша, мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша жүргінші қозғалысын қиындататын құрылыстар бар тротуарлар анықталуда.
«Түрксіб ауданында Стаханов, Париж коммунасы, Шымкент, Буденный көшелері бөлігінде жаңа тротуарлар пайда болды. Әуезов ауданындағы №6 және №8 ықшам елді мекендерде жаңа аулааралық тротуарлар пайдалануға берілді. Бостандық ауданында Дунаевский көшесі бойымен Жароков және Ходжанов көшелерінде де тротуарлар іске қосылды. Осыған ұқсас жұмыстар қаланың барлық аудандарында жүруде», - делінген баспасөз хабарында
Хабарда атап өтілгендей,қаланы жаңартудың екінші жылы бойына биылғы жазда бірқатар негізгі даңғылдар жаңарады.
«Инженерлік инфрақұрылымды модернизациялау кезінде 12 шақырым жылу желісін ауыстыру жоспарланған. Бұлардан өзге, бұрыннан жаңарған 455 аула алаңдарына қосымша тағы да 585 аула жөнделеді», - делінген хабарда.



adimage