Алматыда тыйым салынған жерлерде екінші рет суға түскені үшін қандай айыппұл салынады

Күні: 16:55, 22-05-2020.

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Алматыда тыйым салынған жерлерде екінші рет суға түскені үшін қандай айыппұл салынады, деді қаладағы төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бекболат Бұғабаев.
«Егер тыйым салынған жерде суға шомылғаны белгілі болса, алдымен оған ескерту беріледі. Ол базаға енгізіледі. Егер сол адам екінші рет тағы да сондай бұзушылыққа жол берсе ол 2 АЕК көлемінде, яғни 5556 теңге айыппұл төлейді. Осыны есте сақтап алу керек», - деді Бұғабаев жұмадағы брифингте.

1 АЕК = Т2778.


Жаңалықтармен бөлісу: