Алматыда Қуат «номад» Хамитов сотталды

Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Алматыда ережесіз жекпе-жек боксшысы Қуат «номад» Хамитов сотталды, деп хабарлады Алматыдағы Алмалы аудандық сотынан.
«Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында 2020 жылдың 14 қыркүйегінде өзінің instagram парақшасында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жүргендерді ұрып-соғыңдар, улы заттар шашып жүрген тік ұшақтарды атқылаңдар деп бейнеүндеу жариялаған Қуат Хамитовтың ісін қарау аяқталды. Аталмыш жарияланым әр түрлі әлеуметтік желіде тарап кетті», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, сотталушы кінәсін толығымен мойныдады, өз әрекетіне өкінеді, қолд бар дәлелдерді рстады, сондықтан іс қысқартылған тәртіпте қаралды.
«Сот оны ҚР ҚК 272 б. 3б. бойынша айыпты деп таныды және оған алты ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайныдады, ол сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайы бойынша оны бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік өкілетті органды хабардар етпестен тұрғылықты мекенжайын, жұмысын өзгертуіне, қаланың сыртына шығуына тыйым салды», - делінген хабарда.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 14 қыркүйекте әлеуметтік желіде Хамитовтың видеосы тарап кетті. Онда Хамитов дезинфекциялық жұмыстарды орындап жүрген мамандарды жөнге салуға, оның ойынша улы заттар шашып жүрген тік ұшақтарды атуға шақырады. 14 қыркүйек күні кешкісін Алматы полиция департаментінде аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 272 бабы 3 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады – ол полицияға жеткізілді.
15 қыркүйекте ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Хамитовтың мәлімдемесіне түсінік бере келе, оны «қылмыс және заңды тікелей бұзу» деп атады.
Хамитовтың өзі болса жасаған мәлімдемесін «әзіл» деп айтты.

adimage