Алматыда Әубәкіров көшесі учаскесінде асфальт төселуіне байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Алматы. 19 сәуір. ҚазТАГ- Алматы қаласындағы Әубәкіров көшесі учаскесінде асфальт төселуіне байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Асфальт-бетон жамылғысын Шаңырақ-2 ықшам ауданында салудың басталуына байланысты Күлтегін көшесінен Набережная көшесіне дейін Әубәкіров көшесінің бойында көлік құралдарының қозғалысы 20-21 сәуір аралығында ішінара жабылады", - делінген жұма күні таратылған хабарламада.
Сондай-ақ, көлік құралдарының қозғалысы Жанқожа батыр, Веселов және Бенберин көшелерінде уақытша ұйымдастырылады.

adimage