Алматыда Әуезов көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы 2,5 күнге шектеледі

Күні: 15:47, 29-08-2019.

Алматы. 29 тамыз. ҚазТАГ - Алматыда Әуезов көшесінің учаскесіндегі көлік қозғалысы 2,5 тәулікке дейін шектеледі, деп хабарлайды «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметі.
«29 тамыз сағат 20.00-ден 1 қыркүйектің сағат 06.00-ге дейін Әуезов көшесімен Төле би көшесінен Гоголь көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеулі болады. Уақытша шектеулер осы көше бөлігінің жүріс бөлігінде салынған жылу магистралын жоспарлы түрде қайта құру қажеттілігімен байланысты», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
ЖШС ескірген құбырларды заманауи желілермен алмастыруды қарастыратын Алматы инженерлік желілерін қайта құру апаттық жағдайларды және қалалық жылу жүйесінің жұмысындағы қауіпті азайту үшін қажет екенін атап өтті.
Алматы тұрғындары мен қонақтарынан аталған учаске үшін айналма жолды алдын-ала қарастыруды сұрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: