Алматыда ветбақылау басшысы меморган жерін қоғамдық тамақтануға беріп, ескерту алды

Алматы. 17 маусым. ҚазТАГ – АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы қоғамдық тамақтану нысанын ашуға мемлекеттік орган жерін беріп, ескерту алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы қоғамдық тамақтану нысанын ашуға мемлекеттік орган ғимаратына іргелес жатқан жер учаскесін заңсыз берген», – деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Осыған байланысты прокуратура Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бұйрығымен мемлекеттік қызметке кір келтіретін, кәсіпкерге кіріс әкелуде заңсыз жәрдем көрсетуді білдіретін теріс қылық жасағаны үшін («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР заңының 50-бабы 1-бөлігінің (5-тармақшасы) аумақтық инспекция басшысы «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды.

adimage