Алматыдағы белсенділер арандатушыларға арқасымен тұрып, журналистерді қорғауға дайын екенін білдірді

Алматы. 25 шілде. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыдағы белсенділер арандатушыларға арқасымен тұрып, журналистерді қорғауға дайын екенін білдірді.
«Журналистердің қауіпсіздігі үшін біз (белсенділер тобы – ҚазТАГ) тиісті жағдайларда арандатушыларға арқамызбен тұрып, оларды айнала қоршауға алуға дайынбыз. Олар камера штативтерін көтеріп, жұмыстарын жалғастыра береді», - деді Іляшев сәрсенбі күні журналистер қауіпсіздігі мәселесін қоғамдық талқылау барысында.
Мұндай тәсіл – «арандатушыларға арқасын беріп тұру» – бұл жағдайда белсенділердің өзін қарсылық танытты деп айыптау қиын болады деп түсіндірді.
«Егер біз бетімізбен қарап тұратын болсақ, арандатушылар бізге шабуыл жасады деп әркез бізді айыптай алады. Ал арқасымен ешкім шабуылдамайды. Бастапқыда оқиға орнына ертерек келіп, қауіпсіздікті қамтамсыз ететін боламыз. Біз бұл ретте зардап шегуге де, бізге шабуыл жасайтын адамдар үстінен шағымдануға да дайынбыз, және бұл арандатушылардың артында тұрғандардың беделіне соққы болады», - деп түсіндірді Іляшев әрекеттерінің қисынын.
Болашақта ол қауіпсіздікті қамтамасыз ететін осындай топтардан «осы жерде және қазір» әр түрлі дағдарыс жағдайында құқықтық тәртіпті қолдауға қабілетті толыққанды ұлттық жасақ қалыптасатынына сенімді.
«Ұлттық жасақ негізінде қылмыс жасауға қолайлы жағдайда жекелеген өңірде азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету идеясы жатыр. Қараңыз, Адам құқығы жөніндегі бюроның баспасөз орталығына келген арандатушылардың мақсаты баспасөз мәслихатын өткізбеу болған, нәтижесінде екі смартфон жоғалған. Және бөтеннің мүлкін иемдену жағдайы кез келген басқа қолайлы жағдайда тағы орын алуы мүмкін. Оны болырмау үшін біздің бүгінгі міндетіміз – мұндай жағдайда батып бара жатқандарды құтқару – батып бара жатқандардың ісі екенін түсінуіміз керек. Мен билік әлсіреген жағдайдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы айтып отырмын», - деді Іляшев.
Мұның мүмкін екенінің делелі ретінде ол 2010 жылғы Қырғызстандағы жағдайды мысалға келтірді.
«Неге қырғыз революциясы кезінде жеке секторға, кәсіпкерлерге келтірілген шығын аз болды? себебі азаматтардың өздері белгілі бір сәтте елде болып жатқан жағдай үшін жауапкершілікті өздеріне алды. Оларда сол уақыт ішінде азаматтық қоғам жақсы дамыды, халықтық жасақ кенеттен құрылды. Құдай сақтасын, бізге ол күн тумасын, бірақ дайын болуымыз керек», - деді белсенді.
Оның айтуынша, алдағы уақытта халықтық жасақ құрылымының жобасы әзірленеді, ол талқылау және ары қарай дұрыстау үшін әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.
Атап өту керек, журналистер қауіпсіздігі мәселесін қоғамдық талқылау Алматыда таза ауада М.Әуезов ат. театр саябағында өтті. Бұл ретте әдеттегідей бейбіт жиындар кезінде болатындай полиция нөпірі болған жоқ.
«Біз әдейі әлеуметтік желідегі аккаунттарымыз арқылы кездесуге ҰҚК қызметкерлерін шақырдық – біздің жау емес екенімізді көрсету үшін, қазіргі басшылық елдегі тәртіпті қолдай алмаған жағдайда оларды одақтасымыз ретінде көретінімізді білдіру үшін. Олардың қолдауына иек артамыз, себебі Отанымыз – біреу», - деді Ілияшев.
22 шілдеде Алматыда аналардың ізіне түсуге қатысты баспасөз мәслихатында журналистерге шабуыл жасалған еді. ҚазТАГ ХАА қызметкерлерінің аппаратурасының тартып алынғаны, ал «Алматы» телеарнасы мен «Азаттық Радиосының» камераларының мүлдем сындырылғаны туралы хабарланған еді. Полиция шақырылған, алайда ол құқықбұзушыларға қатысты ешқандай шара қолданбаған.
БАҚ қызметкерлері «Мемлекет аналармен және балалармен күресіп жатыр» тақырыбындағы баспасөз мәслихатынан хабар таратпақ болған.
Алматы ПД аталмыш шара туралы хабар таратпақ болған БАҚ пен баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың бесеуінің атынан түскен арыз бойынша Әуезов ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғандығы туралы мәлімдеді. Аталмыш кезеңде олардың амалдары ҚР ҚК 389 бабы (өзінше билік ету - ҚазТАГ) бойынша қарастырылуда. Өндіріс барысында және жағдайды тексеру кезінде қылмыстық іс басқа бапқа ауыстырылуы мүмкін. Сонымен қатар, ПД хабарлағандай, Әуезов ауданы ПБ жанындағы ПБ-не тағы да үш азаматтан арыз түскен, олар шараны ұйымдастырушылар мен журналистер тарапынан дене жарақаттарын алғандары туралы шағымданған. Аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптама жүргізілетін болады.
Дүйсенбі күні кешкісін белгілі болғандай, зардап шеккен журналистердің шағымы қабылданған, алайда тергеу әлі басталмаған, себебі Әуезов ауданы ПБ ПБ басшысы Жасұлан Тұрыспаев құжатқа қол қоймаған, сондай-ақ сейсенбі күні көзбе көз беттестіру болады, ол жерге зардап шеккендер шақырылады деп уәде етті. 23 шілдеде ҚазТАГ ХАА журналистеріне мәлім болғандай, күндіз ПБ-ге бірнеше зардап шеккен журналистердің қорғаушылары келген, «зардап шеккен» әйелдер болмаған, бірақ ҰҚК қызметкерлері болған. Олардың барлығы бір уақытта келген, және кездесу ҚазТАГ қызметкерлерінің қатысуынсыз өтті. Бір күн бұрын полиция дәл сол уақытта «көзбе көз беттестіру үшін» сейсенбі күні ҚазТАГ ХАА журналистерін де шақыруға уәде берген еді, алайда ол агенттік тілшілерінің қатысуымен сол күйі өткен жоқ. Сонымен қатар басқа БАҚ журналистерінің қорғаушыларымен қатар полиция ҚазТАГ ХАА қызметкерлерін неліктен шақырмағаны түсініксіз болып қалды.
Атап өтелік, Алматы әкімдігінде БАҚ қызметкерлеріне жасалған шабуылға түсінік бере келе журналист жұмысының қауіпсіздігінің қажеттілігі туралы мәлімдеді.
23 шілдеде Қазақстандағы АҚШ-тың бірінші елшісі Уильям Кортни ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Алматыда журналистерге жасалған шабуылды айыптауға шақырды. БАҚ бостандығы мәселесі жөніндегі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Арлем Дезир Қазақстан билігін журналистерге шабуыл жасау жағдайын тексеруге шақырды.
«Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева Алматыда баспасөз мәслихаты кезіндегі журналистерге шабуылдың жасалуын еркін пікір білдіру алаңын құртуға талпыну деп бағалады. Соңғы айлардағы жағдайлар, қор пікірінше, Қазақстанда журналистерге қатысты озбырлықтың күшейіп бара жатқанының көрінісі болса керек.
22 шілдедегі баспасөз мәслихатында сөз сөйлеуі тиіс қорғаушы Ғалым Нұрпеисов шабуылдың егжей-тегжейлі ойластырылғанын айтып, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаетың мәлімдемесіне алаңдаушылық білдіріп, ІІМ басшысының сөзі журналистерге қауіп төндіретінін атап өтті. Атап өтсек, министр Тұрғұмбаев бұған дейін журналистерге жасалған шабуылдың ұйыдастырылуы мүмкін нұсқасын теріске шығарып, «екі тарап арасында жанжал туған-мыс» деді, алайда оқиға орнында болған куәгерлер мен бейнекамералар «екі тарап арасында жанжалдың болмағанының» дәлелі болып отыр. Журналистердің «жанжалдасушы» тарап ретінде қатысуының еш дәлелі жоқ – керісінше, кадрларда көрінгендей, олар өздерін барынша тәртіпті, сыпайы ұстауда, ешқандай күш қолданып жатқан жоқ, шабуылдаушыларға қарағанда ашушаңдық танытпаған.
БАҚ қызметкерлері «Мемлекет аналармен және балалармен күресуде» тақырыбындағы баспасөз мәслихаты жөнінде хабар таратпақ болған.
«2019 жылдың 4 шілдесінде Алматының тергеу соты ҚДТ-ға (тыйым салынған «Қазақстан демократиялық таңдауы» - ҚазТАГ) қатыстылығы бойынша айыпталып жатқан Жазира Демеуова, Гүлзипа Жаукерова мен Оксана Шевчукті үй қамағында ұстау түріндегі бұлтартпас шарасын екі айға қамауға алуға өзгертті. Қолдарында кішкентай нәрестелері бар (соның ішінде емшектегі және ерекше қажеттілігі бар) барлық әйелге «тінту» нәтижелері негізінде болмаған митингке белсенді түрде дайындалған деген айып тағылған. Оксана Шевчуктың қорғаушысы қорғалушысының үйінде тінтудің қалай жүргізілгенін, сондай-ақ аудандық сот шешімімен экстремистік болып танылған ұйымға шын мәніндегі қатысытылығы бар-жоғы туралы ақпармен бөлісті», - делінген жақында журналистердің қолына тиген шараның аңдатпасында.
Баспасөз мәслихатында Оксана Шевчуктың қорғаушысы Ғалым Нұрпеисов пен Оксананың төрт баласын тәрбиелеуге алған оның анасы сөйлеу керек болатын.
Еске салсақ, 1 мамырда өткен Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бейбіт митинг нәтижесінде 80-ге жуық адам ұсталған еді.
Қарсылық акциялары басқа да қалаларда өтті. Көшеге шыққан азаматтар сайлауға бойкот жариялап, елорданың атауын өзгертуге және АЭС құрылысына қарсылық білдіріп, Алматыда ұсталған белсенділер Әсия Төлесова мен Толымбековке қолдау білдірген. Олар 21 сәуірде Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековтың Алматы марафонында «От правды не убежишь», #УМЕНЯЕСТЬВЫБОР, #ADILSAILAYUSHIN жазуы бар плакаттарды ұстап шыққаны үшін 15 тәулікке қамалған еді.
1 мамырда қарсылық акциялары еліміздің басқа да ірі қалаларында өтті. Полиция митингтерді санкцияланбаған деп атап, митингке шыққан азаматтардың әрекетіне заң тұрғысында баға беруге уәде берді.
Көп балалы аналардың азаматтық акцияларға қатысуы Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жиілеп кеткен. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде азаматтардың жұмысқа орналастыру және жалақыларын көтеру туралы жаппай талап қоюы, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы көп балалы аналардың митинг өткізуі халықтың көңілі толмаушылықтың нәтижесі болып отыр.

adimage