Алматыдағы Бердыбаев көшесінің бөлігіндегі көлік қозғалысы жөндеу жұмыстарының салдарынан шектеледі

Күні: 17:03, 11-09-2018.

Алматы. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматыда жөндеу жұмыстарының салдарынан Бердыбаев көшесіндегі жол қозғалысы шектеледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.  
«Рахат» ықшам ауданындағы Бердыбаев көшесі бойындағы Мұстафин көшесінен Асқаров көшесіне дейінгі жол қозғалысы 13 қыркүйекке дейін уақытша жабылады», - деп хабарлады сейсенбіде Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
Ведомствода нақтылағандай,  жолдың жабылуы жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты.  


Жаңалықтармен бөлісу: