Алматыдағы Elmedia редакциясының кеңсесіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ – Алматыдағы Elmedia редакциясының кеңсесіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Күдікті 18 жасар екі адамның – Алматы және Тараз қаласының тұрғындары - ұсталғаны туралы ақпаратты жұма күні ішкі істер министрлігі ҚазТАГ агенттігіне растады.
Ұсталғандарға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Еске салсақ, соңғы бір жарым айда Elmedia редакциясы төрт рет шабуылға тап болды- бұзақылар кеңсенің терезесін сындырған. Сонымен қатар басылымның бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваға да қастандық жасалған.

adimage