Алматыдағы иран киносының апталығының ашылуында «Истирдод» атты екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі драма ұсынылды

Күні: 12:52, 22-10-2014.

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Алматыдағы Silk Way City кинотеатрында Қазақстандағы Иран киносының апталығының ашылуында «Истирдод» атты екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі драма ұсынылды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігінің тілшісі.
Ирандық режиссер Али Гаффаридің «Истирдод» («Қайтарып беру», 2011) фильмі парсы тілінде орысша субтитрмен көрсетілді. Сюжетте Иранның соғыстағы шығынын 11 тонна алтын құймасы түрінде қайтару туралы оқиға сипатталады. Екінші дүниежүзілік соғыстың әскери контрибуциясын Иранға, Ұлыбритания, АҚШ және КСРО тарапынан төленуі керек еді. Оқиға негізінен Теһран мен Мәскеуде өрбиді.
Алматыдағы Иран киносының апталығының ашылуында кешегі сейсенбіде Қазақстандағы Иран елшісі Мужтаба Дамирчилу, Иранның Қазақстандағы мәдени өкілдігінің жетекшісі Асгар Собири, қазақстандық режиссер, продюссер және «Қазақфильмнің» бұрынғы төрағасы Сергей Әзимов, сондай-ақ ирандық продюссер, халықаралық «Фажр» кинофестивалінің бас директоры Мухаммад Хазаи сөз сөйледі.
М. Дамирчилу атап өткендей, Иран  киностудиясын әлем мойындап отыр. Иран киносының ең жоғарғы наградасы ретінде Берлин кинофестивалінде «Оскар» «Алтын аю» сыйлықтары мен Венециалық кинофестивальде «Алтын арыстан» сыйлығын атауға болады.  
Өз кезегінде Алматыдағы иран апталығының ұйымдастырушысы А. Собири осындай мәдени шаралар Қазақстан мен Иран халқын жақындастыра түседі деп атап өтті.
Алматыдағы Silk Way City кинотеатрында ИИР кино апталығы 25 қазанға дейін жалғасады. Әр күні кешкісін 19.00 сағатта көрермендер жаңа фильм көре алады. Сеансқа кіру - тегін.


Жаңалықтармен бөлісу: