Алматыдағы қисая бастаған көп қабатты пәтер туралы шенеуніктер: айтарлықтай қисаю байқалмайды

Алматы. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Шенеуніктердің айтуынша, Алматыдағы «Алағабас-6» ықшамауданында №1/179 көпқабатты тұрғын үйдің айтарлықтай қисая бастағаны байқалмайды, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі.
«Біздің маман сырттай қарады, айтарлықтай қисаю байқалмайды, тек құралмен тексергесін ғана ертең айта аламыз», - деді сәрсенбіге қараған түні ҚазТАГ ХАА тілшісіне Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Қуандық Айтмағанбетов.
Ол нақтылағандай, сәрсенбіге қараған түнді үй тұрғындары өз пәтерлерінде өткізеді.
«Түнді өткізеді. Қауіпсіз», - деп мәлімдеді шенеунік.
Оның айтуынша, қисаю деңгейін тек арнайы құрал көмегімен өлшеуге ғана болады.
«Ертең (11 желтоқсанда – ҚазТАГ) түске дейін біз осы үйде боламыз, өлшейміз, сосын барып шешім қабылдаймыз. Ол үшін бізге алдымен өлшеу керек», - деп түсіндірді сейсенбі күні кешкісін Айтмағанбетов.
Еске салсақ, 10 желтоқсанда Алматыда «Алағабас-6» ықшамауданындағы №179 көп қабатты тұрғын үй қисая бастағаны хабарланды, пәтерлерде 72 отбасы тұрып жатыр. тұрғындардың айтуынша, үй 2013 жылы пайдалануға берілген, соңғы кездері үйдің қисайғаны байқалған, ал 7 желтоқсан күні ол кәдімгідей күшейген. Үй тұрғындарының пікірінше, үйдің қисаюына өртке қарсы қызмет гидрантынан шыққан судың ғимараттың астына сіңуі себеп болған.

adimage