Алматыдағы хостелдердің бірінде болған өрттен кейін 56 адам мектепке уақытша орналастырылды

    Алматы.30 қараша.ҚазТАГ- Алматыдағы хостелдердің бірінде болған өрттен кейін 56 адам мектепке уақытша орналастырылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
   «56 адам мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі”, – делінген хабарламада.
   Сонымен қатар бір сағаттың ішінде аудандағы басқа қонақ үйлерге де орналастыру жүзеге асады.
   Үш адам жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.
   Еске сала кетейік, 30 қараша күні таңғы бесте Алматыда жатақхананың жертөлесінен өрт шыққан. Құтқарушылар 13 адамның мәйітін тапты.

adimage