Алматыдағы колледждегі граната жарылысынан қаза болған студент қыз баланың отбасы Т1 млн мөлшеріндегі материалдық көмек алады

Күні: 13:46, 18-11-2014.

Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ – Алматыдағы сән және дизайн колледжіндегі жарылыстан қаза болған студент қыз бала Светлана Яковлеваның отбасы Т1 млн мөлшеріндегі материалдық көмек алады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөсз қызметінен.  
«Қаза болғанның және зардап шенккендердің отбасыларына көмек көрсетіледі. Қаза болғанның отбасына Т1 млн мөлшеріндегі, ал зардап шеккендердің отбастарына 500 мың теңге мөлшеріндегі көмек көрсетіледі», - делінген сейсенбі күнгі баспасөз қызметінің хабарында.
Еске салсақ, 17 қарашада 09.20 сағатта Алматының Алмалы ауданындағы «Сән және дизайн» колледжінде АӘД сабағында граната жарылды. ТЖ нәтижесінде бір оқушы қаза болып, тағы 11 оқушы әр ауыртпалықтағы жарақат алды. 60 оқушы эвакуацияланды.
Граната жарылысы дерегімен Алматы ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 251 б. бойынша (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және алып жүру) және 101 б. (абайсызда адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. АӘД мұғалімі ұсталып, тергеу абақтысына жатқызылды. Жарылыс себебін тексеруге арнайы комиссия құрылды.


Жаңалықтармен бөлісу: