Алматыдағы Медеу ауданындағы тау шатқалындағы құрғақ шөптің өрті сөндірілуде

Күні: 18:50, 17-09-2018.

Астана. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматыдағы Медеу ауданындағы тау шатқалындағы құрғақ шөптің өрті сөндірілуде, деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
«17 қыркүйекте сағат 13.36-да Сәрсенбаев көшесінде шамамен 2-3 га алаңдағы тау шатқалындағы құрғақ шөп өртенді», - деді Р. Иманқұлов дүйсенбіде.  
Ол атап өткендей,  ТЖД  21 қызметкері мен 6 бірлік техника жұмылдырылған. Ауа температурасы +25, 2-7 м/с жел тұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: