Алматыдағы өрттен кейін тағы екі адам ауруханаға жеткізілді

Алматы. 30 қараша. ҚазТАГ – Алматыдағы өрттен кейін тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
«Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің біріне иіс тиген. Жағдайы орташа ауыр, тұрақты», – делінген хабарда.
Екінші науқас барлық етксерулерден кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді.
Белгілі болғандай, өрт шыққан жерге жедел-жәрдем көмегінің жеті бригадасы жұмылдырылған. Барлық зардап шегушілерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде, соның ішінде психологиялық та.
Еске салсақ, 30 қараша күні таңғы 5-те Алматыда жертөледе орналасқан хостелде өрт шығып, 13 адам мерт болған.

adimage