Алматыдағы сән және дизайн колледжінің АӘД мұғалімінің үйінде оқ-дәрілер табылмады – ІІД

Күні: 12:50, 18-11-2014.

Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыдағы сән және дизайн колледжінің АӘД мұғалімінің үйінде оқ-дәрілер табылмады, деп мәлім етті сейсенбі күні Алматы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.
Бұл ретте ол жарылыс кезінде мұғалім оқушылармен бірге кабинетте болғанын атап кетті.
«Ол да кабинетте тұғын», - деді С. Әзірбек.
Одан басқа, ол, мұғалім полиция қызметкерлерінен жасырынып қалғысы келгені туралы ақпаратты теріске шығарды.
С. Әзірбектің айтуынша, ол 72 сағаттың ішінде сотқа беріліп, оны оқшаулау шарасы қабылданады.
1967 жылы туылған К. деген азамат қазір жауап беруде. Тергеу барысында жарылған гранатаның шығу тегі мен иесі анықталады. 72 сағаттың ішінде оны оқшаулау шарасы анықталады», - деді ол.  
С. Әзірбектің айтуынша, тергеу 2 айға созылады.
Еске салсақ, 17 қарашада 09.20 сағатта Алматының Алмалы ауданындағы «Сән және дизайн» колледжінде АӘД сабағында граната жарылды. ТЖ нәтижесінде бір оқушы қаза болып, тағы 11 оқушы әр ауыртпалықтағы жарақат алды. 60 оқушы эвакуацияланды.
Граната жарылысы дерегімен Алматы ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 251 б. бойынша (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және алып жүру) және 101 б. (абайсызда адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. АӘД мұғалімі ұсталып, тергеу абақтысына жатқызылды. Жарылыс себебін тексеруге арнайы комиссия құрылды.


Жаңалықтармен бөлісу: