Алматыдағы Шымбұлақта профилактикалық қар көшкіні жүргізілді

Алматы. 19 ақпан. ҚазТАГ – Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында профилактикалық қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметінен.
«Кіші Алматы өзенінің бассейнінде қар көшкіні жүріп кетпес үшін және «Шымбұлақ» аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында №26В және №26Г (Талғар асуы) қар көшкіні учаскелерінде жасанды қар көшкінін жүргізу шарасы ұйымдастырылды. Бұл «Қазгидромет» РМК-ның 17 ақпандағы ұсынысы негізінде қолға алынған «Қазселденқорғау» ММ алдын алу бойынша профилактикалық шарасы болып табылады. Жасанды көшкін кезінде көлемі 15 мың текше метр қар массасы тау етегіне түсті және аталмыш учаскелерде қар көшкінін түсіру ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ», - делінген сәрсенбідегі хабарда.

adimage