Алматыдағы жәрмеңкеде ОҚО-дан Т140 млн болатын ауыл шаруашылық тауарлары сатылды

Шымкент. 26 тамыз. ҚазТАГ – Алматыдағы жәрмеңкеде Оңтүстік Қазақстан облысының Т140 млн болатын ауыл шаруашылық тауарлары сатылды, деп мәлім етті облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Алматыда 16 тамызда өткен жәрмеңкеде ОҚО-дан Т140 млн болатын ауыл шаруашылық тауарлары сатылды. Барлығы 305 тонна әкелініп, олар базарлардағыдан 15-20% арзан сатылды. Алматыға 91 тонна ет, шұжық, 88 тонна көкөніс, 14 тонна картоп, 38 тонна бақша дақылдары мен 74 тонна басқа да көкөніс пен жемістер, (...) 31 мың жұмыртқа жіберілді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Мұндай жәрмеңкені өткізу мемлекеттік бағдарламаны белсенді іске асырудың арқасында мүмкін болды, деп хабарлады баспасөз қызметінен. Мысалы, өңірде мақта мен бидай егістігінің ауданы азайтылды. Көкөніс, картоп, пен бақша ауданы 3 мың гектарға артылды. Егістіктің жалпы ауданы 785 мың гектар. Одан басқа, әр түрлі технологияларды енгізудің арқасында жақсы өнім алынып отыр. Мысалы, биыл 41,1 га аумаққа тамшылап суғару енгізіліп, 1 мың га жерге жылыжай салынды.
Баспасөз қызметінен атап өтілгендей, мал шаруашылығы саласында биыл 2735 мал бордақылау алаң ашылды, 516 отбасылық сүт фермасы ашылып, сүт қабылдайтын 41 пост пен 16 шағын құс фермасы ашылды.
Биыл ауданда 850 мың тона көкөніс, 1200 тонна бақшалық, 85 мың тонна көкөніс-жидек, 58 мың тонна жүзім жинау жоспарлануда. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысы халқына керек көлемнен едәуір артық, сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдерінің белгілі бөлігі Қазақстан мен ТМД елдерінің солтүстік өңірлеріне экспортталады.

adimage