Алматыдағы ЖКО салдарынан екі адам зардап шекті

Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ - Алматыдағы ЖКО салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ЖКО шамамен 22.30-да Қабанбай батыр-Пушкин көшелерінің қиылысында орын алған. Daewoo Matiz және KIA Cerato көліктері соқтығысқан, нәтижесінде бірінші көлік аударылып кеткен. ЖКО салдарынан көлік жүргізушісі зардап шеккен», - деді куәгерлер.
Олардың айтуынша, зардап шеккен екі адам жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілген.

adimage