Алматыдағы ЖКО салдарынан төрт адам зардап шекті

Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Алматыдағы ЖКО салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«ЖКО 1 қазанда шамамен 00.00 сағатта Рысқұлов даңғылының бойында батыс бағытта Жансүгіров пен Бөкейханов көшелерінің арасында орын алған», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  
Куәгерлердің айтуынша, базадан жүк көлігі шығып, Русқұлов даңғылының бойында көлік кептелісі пайда болған. Осы кезде Honda Odyssey маркалы көлігі фураның артынан күрт тежегішін басып тоқтаған, ал оның артында Lada маркалы көлігі келе жатқан. Lada көлігінің жүргізушісі белгісіз себептерге байланысты тоқтап үлгермей  Honda Odyssey көлігінің артынан соққан.  
Осы ЖКО салдарынан төрт адам зардап шеккен. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.  

adimage