Алматыда үйдегі газ жарылысынан зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр

Алматы. 11 қараша. ҚазТАГ - Алматыда үйдегі газ жарылысынан зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр, деп хабарлады қаладағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
«Жедел-жәрдем бригадасы №4 Қалалық клиникалық ауруханасына үш науқасты жеткізді, олар бірден жан сақтау бөліміне жатқызылды. 1983 ж.т. ер адамның жағдайы өте ауыр. Қойылған диагнозы: қабаттасқан жарақат. Атмосфералық жарақат. Жалынға 100% термиялық күю. III деңгейлік күйік. Өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Науқастың жағдайы өте ауыр, жағдайы тұрақты емес. Екінші науқас 2000 жылы туған. Қойылған диагноз: қабаттасқан жарақат. Атмосфералық жарақат. Жалынға 85% термиялық күю. III деңгейлік күйік. Жағдайы аса ауыр. Үшінші науқас 22% күйген, атап айтқанда беті, аяқ-қолдары күйген. I деңгейлі күйік. Науқастың жағдайы аса ауыр, қалыпты», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Басқармада нақтылағандай, тек үш адамды жеткізген.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда үш қабатты жеке тұрғын үйде газ жарылуы салдарынан үш адам мен бір бала зардап шекті делінген еді.

adimage