Алматыда әйел мен баланы өлімші етіп қағып кеткен күдікті ұсталды

Алматы. 20 тамыз. ҚазТАГ – Алматыда әйел мен баланы қағып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«ЖКО орнынан көлік жүргізушісі қашып кеткен. Оны іздестіруге арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жақында күдікті 1986 жылы туылған Д. есімді азамат ұсталып, ҚР ҚПК 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Көлігі тәркіленіп, қылмыстық іс материалына тіркелді», - деп хабарлады сейсенбіде Алматы ПД тергеу департаментінен.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлімі (екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген ЖКО) және 347 бабы (ЖКО орнын тастап кету) бойынша басталды.
Еске салсақ, 9 тамызда сағат 21.00-де Алматыда Бурундай көшесінде BMW көлігі 1996 жылы туылған әйел мен оның бес жасар баласын өлімші етіп қағып кеткен болатын.

adimage