Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ – Алматыда «YourChina» ЖШС және «ChinaStudy» ЖШС-ның шетелде оқыту саласындағы қызметкерлері жала жабу ісі бойынша блогер Нұрсұлтан Сағындыққа қарсы сотта жеңілді, деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан.
«2 қазанда Алматының Бостандық аудандық сотының судьясы Назым Әлпиева блогер Нұрсұлтан Сағындықтың іскери беделін қорғау шағымы бойынша шешімді жария етті. Қуынушылардың талаптары толығымен қанағаттандырылмады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Сағындық YouTube-де НЕ OXFORD каналында Қытайда оқытуды ұйымдастыру туралы ақпараттық сипатта бейнероликтер жасап, орналастырады.
«Роликтерінің бірінде блогер шетелде оқытуды ұйымдастыру саласында жұмыс жасайтын екі қазақстандық компанияны сөз еткен – «YourChina» ЖШС мен «ChinaStudy» ЖШС. Екі компанияның басшылары даулы роликте «жала жабу сипатындағы ақпарат» бар деп санап, сотқа жүгінген», - деді қордан.
Аталмыш компаниялар сот арқылы даулы роликті жоққа шығару туралы материал жариялауды, даулы роликті ғаламтордан өшіруді, сондай-ақ Сағындықтан Т100 мың өндіріп алуды (олар психолого-филологиялық сараптама шығындарын осынша сомаға бағалаған) талап еткен.
«Сот тергеуі барысында қуынушылар сотқа олардың іскери беделінің төмендегенінің дәлелін ұсына алмаған, тіпті нақты қай сөздердің «жала жабу сипатында» екенін де айта алмаған. Сотта блогердің мүддесін «Әділ сөз» қорының заң қызметінің басшысы Татьяна Смахина қорғаған», - делінген хабарда.
Алматыда YourChina және ChinaStudy компаниялары блогерге қарсы жала жабу ісінде соттан жеңілді
