Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ – Алматы облысында қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атқан күдікті ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Алматы облысында полицейлер браконьерлік жасаған деген күдікпен 30 жасар ер адамды ұстады. Браконьерді «Шырын» мемлекеттік табиғи саябағының аумағында Ұйғыр ауданының полицейлері мен табиғатты қорғау органы өкілдері болып табылатын Ұлттық саябақ қызметкерлері ұстаған», - делінген сейсенбідегі хабарда..
ПД нақтылағандай, күдікті мотоциклімен қашып кетпек болған, алайда Ұлттық саябақ шетінде қолға түскен.
«Күдіктіден Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына құрып бара жатқан түрі ретінде енгізілген қарақұйрықтың еті, АК-103 автоматы табылған. Ол жануарды осы қарумен атқан болуы мүмкін. Қазір оған қатысты «заңсыз аңшылық», «қару-жарақты заңсыз сақтау» деректері бойынша қылмыстық өндіріс қозғалған», - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.
Алматыда қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атқан күдікті ұсталды
