Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар 4,5 жылға соталды

Алматы. 3 тамыз. ҚазТАГ – Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар 4,5 жылға сотталды, деп хабарлады қаржылай мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Алматыда заңсыз ойын бизнесіне қатысы бар жалға беруші мен ұйымдастырушылар сотталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде кіріс алумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан басқа, 5,5 млн теңгеден астам мөлшерде заңсыз кіріске ие болған заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайды жалға берген тұрғынға қатысты үкім шықты», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Агенттік нақтылағандай, ойын бизнесі компьютерлік клуб қызметі түрінде ұйымдастырылған.
«Жедел-тергеу шаралары барысында көлеңкелі айналымнан ставка қабылдау, ұтыстарды есептеу және беру функциялары және онлайн-казино ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қосымшалары бар 104 ойын компьютерінің жиынтығы тәркіленіп алынды», - деп хабарлады ҚМА.

adimage