Алматыда зейнеткерді қағып кетті

Алматы. 29 шілде. ҚазТАГ – Алматыда зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА.
«Ер адам жолды жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден кесіп өтіп бара жатқан. Сол кезде Mercedes-Benz көлігі келіп соққан. ЖКО салдарынан ол жедел жәрдем көлігі келгенге дейін жан тапсырған», - деп хабарлады дүйсенбі күні оқиға куәгері.
1948 жылы туылған зейнеткерді Абай даңғылынан алыс емес тұста Алтынсарин көшесінің бойында солтүстік бағытта қағып кеткен.

adimage