Алматыда зейнеткерді «алтын» валютасына ауыстырамын деген желеумен Т1,5 млн-ға алдаған

Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ – Алматыда зейнеткерді «алтын» валютасына ауыстырамын деген желеумен Т1,5 млн-ға алдаған, деп хабарлады қаладағы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Зейнеткер азық-түлік дүкеніне бара жатқан. Алыс емес жерде азаматша А.Увидева тұрған, күдікті қасына барып, әңгімеге тартқан. Алдымен ол көктемгі мереке қарсаңында зейнеткерлерге сыйлық берілетінін, барынша толық ақпарат алу үшін әйел әжеден көлігіне баруды сұраған. Сосын ол әңгімесін өзгертіп, қарт кісіге Еуроодақ кеңістігінде «Алтын» жаңа валютасының пайда болғанын, және «теңге» ұлттық валютасы жақын арада айналымнан шығарылады»,- деді сейсенбіде Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.
Оның айтуынша, зейнеткер күдіктіге сеніп қалған.
«Валюта алаяғының айласы іске асты. Ары қарай күдікті кемпірден жинағы бар-жоғын сұрай бастаған, оған зардап шегуші оң жауап берген. Біраз уақыт өткеннен кейін зейнеткер үйінен Т900 мың мен $2 мың алып келген. Бұл ақшаны ол «Алтынға» айырбастау үшін бейтанысқа берген, ол өз кезегінде кемпірге жаңа валюта салынған-мыс конверт берген. Үйіне келгеннен кейін қарт кісі конвертте ешқандай ақшаның жоғын көреді, тек кесілген газет бөліктері ғана болған», - деді Тотыбаев.
Полицейлер нақтылағандай, азаматша А. ұсталып, қамауға алынған.
«Ол осыған ұқсас екі қылмысты жасағанын мойындап түсінік берген. Оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға . қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚК 190 бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарда.

adimage