Алматы. 19 маусым. ҚазТАГ – Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты көлік құралдары үшін Жібек Жолы ішінара жабылады, деп хабарлады Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасынан.
«Алматыда жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне орай Жібек Жолы көшесі 20 маусымнан бастап Наурызбай батыр көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін көлік құралдары үшін жабық болады. Бұған дейін 13 маусымда Желтоқсаннан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі аралық көлік құралдары үшін жабық болған еді. Жаяу жүргіншілер жолы көшенің сол жағынан ашық болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Қала тұрғындары мен қонақтарына өз бағыттарын жоспарлауда аталмыш ақпарды ескеру ұсынылады.
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты көлік құралдары үшін Жібек Жолы ішінара жабылады
