Алматыда жаңа туылған сәбиден салмағы 1 кг болатын ісікті алып тастады

Күні: 11:11, 11-04-2019.

Астана. 11 сәуір. ҚазТАГ - Кеше Алматыда жаңа туылған сәбиден салмағы 1 кг болатын ісікті алып тастады, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасады. Дәрігерлер шақалақтың денесіне туа біткен 1 келіден астам ісікті алып тастады. Ісіктің көлемі аса үлкен, салмағы - 1028 гр. Сегізкөз-құйымшаққа біткен ісікті дәрігерлер бала анасының құрсағында жатқанда 19-шы аптада анықтаған. Ісік терідегі эрозиялық учаскелердің пайда болуын, тік ішекті қысып, қатты қансырау қатерін туғызған», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Ведомствода хабарлағандай, жоспарлы операция жасау үшін сәбиді перзентханадан бірден Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді..
«Хирургиялық операция бала дүниеге келген соң үш тәуліктен кейін жасалды. Өйткені салмағы 3818 грамм болып туған шақалақты алдын ала емге дайындау керек болды. Ісікті алып тастау бойынша ота 3 сағатқа созылды және еш асқынусыз өтті», - делінген хабарда.
Мамандардың айтуынша жаңа туылған балалардағы ісіктерді оперативті алып тастау толық жазылуға кепілдік береді.
«Жаңа туылған нәресте 3 - ші тәулікте жансақтау бөлімінен неонотология бөліміне анасының қасына ауыстырылып, ерекше күтім алуда. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының айтуынша бүгінде баланың жағдайы тұрақты», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: