Алматыда жалға алынған жеңіл көліктің киоскіге соғуынан әйел адам ауруханаға жеткізілді

Алматы. 21 маусым. ҚазТАГ – Алматыда жалға алынған жеңіл көліктің киоскіге соғуынан әйел адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Nexia көлігі Дөнентаев көшесімен солтүстік бағытта жылжып келе жатқан, көлік жүргізушісі рөлін басқара алмай қалып, макулатура қабылдайтын дүңгіршекке соққан. Әйел адам зардап шекті, оны түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізді», - деп хабарлады жұма күні оқиға куәгері.
Белгілі болғандай, көлік кеше кешкісін жалға алынған екен.
Оқиға «Жұлдыз-2» ықшамауданында орын алды.

adimage