Алматы. 6 қаңтар. ҚазТАГ – Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен троллейбус жүргізушісінің жағдайы ауыр, деп хабарлады қаланың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
«Науқасты жедел-жәрдем бригадасы №7 қалалық ауруханаға жеткізді. Тексеру кезінде оған «Мэллори-Вейса синдромы» диагнозы қойылды. Сонымен қатар жүргізуші көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер барлық қажетті шараны жасады. Оны нейрохирург, хирург, травматолог дәрігерлер қарап шықты. Нәтижесінде оның ми жарақатын алмағандағы анықталды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты ауыр. Хирургиялық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Барлық қажетті медициналық көмек толық көрсетіліп жатыр», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Еске салсақ, полицейлер хабарлағандай, 5 қаңтарда Сәтпаев көшесімен троллейбус айдап келе жатқан жүргізуші Розыбакиев көшесіне жетпей денсаулығы күрт нашарлап, жол шетінде тұрақта тұрған үш машинаға соғып, сосын жаяу жүргіншіні қағып кеткен, ол болса ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған еді. Аталмыш дерек бойынша, ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, оның абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ЖКО-дан кейін троллейбус жүргізушісі Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінің жан сақтау бөлімшесіне жеткізілді.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51