Алматыда жазда ұсталған көп балалы аналарға айыптау үкімі шығарылды

Алматы. 20 қараша. ҚазТАГ – Алматыда жазда ұсталған көп балалы аналарға айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Алматының Алмалы аудандық соты Жазира Демеуованы, Гүлзипа Жаукерова мен Оксана Шевчукты, сондай-ақ, азаматтық белсенді Әнуар Әшіралиевті «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) тыйым салынған ұйымына қатысы бар деп танып, бір жылға бас бостандықтары шектелді.
Олардың барлығы сот залынан ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
Еске салсақ, 2019 жылдың 4 шілдесінде Алматы қалалық тергеу соты ҚДТ-ға («Қазақстанның демократиялық таңдауы» - тыйым салынған ұйымы - ҚазТАГ) қатысы бар деген айыптаулар бойынша сотқа дейінгі тергеп жатқан Жазира Демеуова, Гүлзипе Жәукерова және Оксана Шевчукты алдын алу шарасын үй қамауынан екі айға түрмеге қамауға ауыстырды. Қолдарындағы кішкентай балалармен (оның ішінде сәбилермен және ерекше қажеттіліктері бар емізулі сәбилері барлар) барлық әйелдерге «тінту» нәтижелері бойынша өткізілмеген митингіге белсенді дайындықтар жүргізіп жатыр деген айып тағылды.

adimage