Алматыда жеңіл көлік қаққан әйел жолсызбен жүретін көліктің доңғалағының астына түсті

Күні: 10:35, 07-06-2019.

Алматы. 7 маусым. ҚазТАГ – Алматыда жеңіл көлік қаққан әйел жолсызбен жүретін көліктің доңғалағының астына түсті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Mazda көлігі Рысқұлбеков көшесімен батыс бағытта жүріп келе жатқан, сол сәтте әйел жолды жүруге болмайтын жерімен кесіп өтпек болған. Оны байқамай қалған жүргізуші Сүлейменов көшесіне жетпей жоғары жылдамдықпен қағып жіберген. Соққының ақтты болғаны соншалық әйел қрсы жолға ұшып кеткен. Сол сәтте қарсы жолда шығыс бағытта Toyota Land Cruiser Prado көлігі келе жатқан, ол да әйелге соққан», - деп хабарлады жұма күні оқиға куәгері.
Ауыр жарақат алған зардап шегуші жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.
Жағдайдың анық-қанығын полиция анықтауда.


Жаңалықтармен бөлісу: