Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда жекелеген ПИК-тердің су мен электр тоғын тұтыну деңгейін бақылау жоспарлануда, деп мәлімдеді қаланың цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев.
«Қазірдің өзінде электронды ПИК платформасы енгізілді, ол жерде адамдар дауыс бере алады, ПИК ішінде нақты бір міндеттер қоя алады, бірақ біз азаматтарға барынша жағдай жасалу үшін дұрыс тетіктер енгізгіміз келеді, су ағынының көлемі, элеткр тоғының шығынына мониторинг жасалатындай, кондоминиум, тұрғын үй кешендері, олардың суды тұтыну деңгейі, электр тоғын тұтыну деңгейі бойынша көрсеткіш шығарылатындай», - деді Қоңырбаев сейсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, Алматыны цифрландырудың басым бағыттарына қауіпсіздік, ТҮКШ дамыту, көлік ағынын басқару, білім, денсаулық сақтау, қалалық жоспарлаудың жалпы жүйесі кіретінін атап өтті.
Алматыда жекелеген ПИК-тердің су мен электр тоғын тұтыну деңгейін бақылау жоспарлануда
