Алматы. 22 ақпан. ҚазТАГ – Алматыда жеті адамнан тұратын отбасы иісті газдан уланды, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.
«22 ақпанда сағат 6.38-де Алматы ТЖД-ге Шұғыла ықшамауданындағы Наурызбай ауданында жеті адамнан тұратын отбасының иісті газдан уланып, ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар келіп түсті, оның бесеуі бала екен», - деп хабарлады жұма күні құтқарушылар.
Хабарда атап өтілгендей, оларға иіс тиуіне қатты отынмен жылытылатын пеш себеп болған, оның есігін ересектер нығыздап жабуды ұмытқан.
«Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, қазіргі таңда зардап шегушілердің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығы уытсыздандыру терапиясын алып жатыр. Естерін жиды, сұрақтарға анық жауап беріп жатыр. Олар алдағы уақытта ауруханадан шығарылады», - деді ТЖД-ден.
Қатысты сілтемелер
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51