Алматыда ЖКО салдарынан үш адам зардап шекті

Күні: 15:18, 04-06-2019.

Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ – Алматыда екі шетел көлігінің қатысуымен орын алған ЖКО салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ЖКО Жансүгіров пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында сағат шамамен 05.00-де орын алған. Infiniti көлігі солтүстік бағытта Жансүгіров көшесінің бойымен жылжып келе жатқан, сол сәтті Жансүгіров көшесінің бойымен Жұмабаев көшесіне қарай оңтүстік бағытта Subaru Forester көлігі келе жатқан. Соқтығысу салдарынан екі көлік те жол жиегіне шығып кеткен, ал Subaru жол белгісіне соққан. ЖКО салдарынан үш адам зардап шекті: Infiniti көлігінідегі екі адам және Subaru көлігіндегі бір адам», - деп хабарлады оқиға куәгері ҚазТАГ ХАА тілшісіне сейсенбі күн.
Куәгерлердің айтуынша, барлық зардап шегушілер түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
ЖКО себептері мен салдарын ары қарай полиция анықтауда.


Жаңалықтармен бөлісу: