Алматыда ЖКО салдарынан бір әйел мен кішкентай сәби мерт болды, тағы екі адам зардап шекті

Күні: 10:45, 27-09-2018.

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматыда ЖКО салдарынан бір әйел мен кішкентай сәби мерт болды, тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.  
Хабарда нақтыланғандай, ЖКО Сүйінбай көшесінде Шолохов көшесіне жетпей орын алған.  
Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Touareg маркалы көлігі Сүйінбай көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан, Audi маркалы көлік солтүстік бағытта келе жатқан  
Хабарда атап өтілгендей, Volkswagen Touareg қарсы жолаққа өтіп кетіп Audi-ге соғып, шамамен 5 м кейін барып тоқтаған. Соққыдан Volkswagen Touareg доңғалағы ұшып кеткен.  
Бұл ретте Audi-де ер адам, әйел адам, екі бала болған. Әйел ЖКО орнында көз жұмса, емшектегі сәби уруханада қайтқан. Қазіргі таңда ер адам мен тағы бір баланың жағдайы ауыр, ауруханада жатыр.  


Жаңалықтармен бөлісу: