Алматыда ЖКО салдарынан екі бала зардап шекті

Алматы. 9 шілде. ҚазТАГ - Алматыда ЖКО салдарынан екі бала зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ЖКО Райымбек даңғылы мен Сүйінбай көшесінің қиылысында орын алды. Mitsubishi көлігі Райымбек даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан, алдын-ала ақпар бойынша бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Бұл кезде Сүйінбай көшесімен оңтүстік бағытта Nissan көлігі келе жатқан, ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен көлікке келіп соққан. ЖКО салдарынан балалар зардап шекті», - деп хабарлады «ҚазТАГ» ХАА тілшісіне оқиға куәгері сейсенбі күні.
Оның айтуынша, түрлі жарақат алған екі бала ауруханаға жекізілген.
ЖКО мән-жайын ары қарай анықтаумен полиция айналысады.

adimage