Алматыда жоғалған журналистті тепловоз басып кеткен

Күні: 14:00, 22-10-2018.

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ -  Алматыда Hit TV телеарнасының жоғалып кеткен журналисі Әйгерим Мұсаеваны тепловоз басып кеткен, деп хабарлады қаладағы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.  
«Алматыдағы полиция департаменті хабарлағандай, 2018 жылдың 20 қазанында 00.20 сағатта қаланың Түрксіб ауданында Бурундай көшесі жанында өтіп жатқан негізгі емес магистральдың темір жолдарында тепловоз басып кеткен жас әйелдің денесі табылды»,- делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, марқұмның кім екенін анықтайтын құжаттары жанында болмаған.  .
«Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін оның денесі мәйтханаға жеткізілген»,- деді полициядан.  
Бұл ретте, бұған дейін «102» тетігіне Алматының Алатау ауданының тұрғынан 2018 жылдың 19 қазаны күні отбасылық ұрыстан кейін 27 жасар әйелі Ә.Мұсаеваның үйден белгісіз бағытта кеткені және әлі күнге дейін қайтып оралмағаны туралы хабар келіп түскен.
«Тепловоздың астына түскен жас әйелдің Әйгерім Мұсаева екенін оның туған ағасы таныған. Қазіргі таңда көліктегі ІІД қызметкерлері тиісті шараларды жүзеге асыруда», - деді департаменттен.  
Ә. Мұсаева Hit TV телеарнасының журналисі әрі продюсері болып қызмет атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: