Алматыда жолдардағы камералар саны артады

Күні: 12:51, 17-07-2019.

Алматы. 17 шілде. ҚазТАГ – Алматыда жолдардағы камералар саны артады, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Алдағы уақытта «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» (ЖҚҚ) автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ААЖ) бекеттері санын 142-ге көбейту жоспарлануда», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Полицейлер нақтылағандай, қазір Алматыда ЖҚҚ ААЖ 108 бекеті бар.
«Аталмыш жоба жүргізуші тәртібін арттыруға бағытталған және қала жолдарында қауіпсіздік талаптарын құруда әлеуетті фактор болып табылады. Қабылданған шаралар нәтижесінде зардап шегушілері бар ЖКО саны 8,5%-ға, жол-көлік оқиғасы барысында жарақат алғандар саны 10% төмендеген», - делінген хабарда.
Алматының әкімшілік полиция басқармасының ақпарынша, ЖҚҚ АЖЖ арқылы 2019 жылдың басынан бері ЖҚЕ бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа 255 мыңнан астам жүргізуші тартылған.
«Тағы 1073 жүргізуші рөлде мас күйінде ұсталған. КҚ айдау құқығынан сот 1891 жүргізушіні айырған. Әкімшілік қамау 31 жүргізушіге қатысты қолданылған», - деді ПД-нен.


Жаңалықтармен бөлісу: