Алматы. 8 мамыр. ҚазТАГ – Алматыда жолдардың бір бөлігі 9-11 мамыр аралығында жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, деп хабарлады «Алматы жолдары» баспасөз қызметінен.
Сонымен, жол-жөндеу жұмыстарына байланысты Гоголь көшесінің бөлігінде Шәріповтен Байтұрсыновқа дейінгі бөлік 8 мамыр сағат 23.00-ден 9 мамыр 06.00-ге дейін жабық болады.
«Асфальт- бетон жабынын төсеуге байланысты Қарасай батыр көшесінде Байзақов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін 8 мамыр сағат 23.00-ден 9 мамыр 06.00-ге дейін жабық болады. Асфальт- бетон жабынын төсеуге байланысты Гоголь көшесінде Чокин көшесінен Мұратбаев көшесіне дейінгі бөлік 9 мамыр сағат 23.00-ден 10 мамыр 06.00-ге дейін жабық болады», - делінген хабарда.
Сонымен қатар, жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қарасай батыр көшесінде Нұрмақовтан Байзақов көшесіне дейін 10 мамыр сағат 23.00-ден 11 мамыр сағат 06.00 дейін жол жабық болады.
«Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне «ПСФ Алонс» ЖШС мердігер ұйымы жауапты», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32