Алматыда жолды өтуге болмайтын жерден кесіп өткен әйелді жүк көлігі қағып кетті

Күні: 10:05, 21-06-2019.

Алматы. 21 маусым. ҚазТАГ – Алматыда жолды өтуге болмайтын жерден кесіп өткен әйелді жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жүк көлігі Саин көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Сол кезде 1966 жылы туылған әйел жолды өтуге болмайтын жерден кесіп өтпек болған. Ал жүк көлігінің жүргізушісі көлігін тоқтатып үлгере алмай, әйелді қағып кеткен. Нәтижесінде әйел жедел-жәрдем көлігі келгенше көз жұмды», - деп хабарлады бейсенбіде ЖКО куәгері. 
Оқиға Domillion сауда-ойын-сауық орталығына қарама-қарсы жерде болған. Қазір оқиға орнында полиция жұмыс жасап жатыр.


Жаңалықтармен бөлісу: