Алматыда ЖРК құрысына конкурс 2016 жылы жариялануы мүмкін

Күні: 12:42, 05-11-2014.

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Алматыда жеңіл рельсті көлік (ЖРК) құрылысына конкурс 2016 жылы жариялануы мүмкін, деп хабарлады «Мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Елжан Біртанов.
«Әйтеуір 2016 жылы (Алматыда – ҚазТАГ) жеңіл рельсті көлік құрылысына конкурс жариялануы мүмкін екендігі болжанып отыр», - деді Е. Біртанов сәрсенбі күні мемлекеттік-жеке серіктестік форумында журналистерге.
Ол осының өзінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бар екенін, барлық есептеулер жүргізілгенін қоса айтты.
«Бүгінде Алматы қаласының жаңа көліктік даму стратегиясы есебінен бұл жобаны соңына дейін жасап шығару қажеттілігі тууда», - деп атап өтті Е. Біртанов.
Орталық басшысы келесі жылдан бастап халықаралық консультанттармен жобаның келісім-шартын, конкурстық құжаттамасын дайындау бойынша жұмыс жүргізілетінінен хабардар етті.
Бұған дейін Алматыда жеңіл рельсті көлік 2017 жылы қызмет ете бастайды деп хабарланған болатын.  


Жаңалықтармен бөлісу: