Алматыда журналистер аккредиттеудің жаңа ережесіне қарсы митинг өткізбек

Күні: 19:30, 14-02-2019.

Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ – Алматылық журналистер ақпарат және коммуникация министрлігінің (АКМ) іс-шараларға аккредиттеудің жаңа ережелері туралы бұйрық жобасына қарсы митинг өткізу туралы қалалық әкімдікке өтініш жолдады.
«Даурен Абаев тағы да БАҚ жұмысының талаптарын күшейтіп жатыр. Бұл жолы оның министрлігі меморгандар үшін керек емес журналистерден заң жолымен құтылудың амалын ойлап тапты. Аккредитация ережесіне өзгеріс енгізу туралы бұйрық күшіне енсе, егер шара өтетін жерде орын аз болса журналистті кіргізбеуі мүмкін (баспасөз қызметі үшін таптырмас және заңды сылтау). Сонымен қатар бізді «аккредиттеген органның ішкі тәртібін және модератордың регламентін бұзғанымыз үшін» де аккредиттеуден бас тартады. Ал ол регламент пен тәртіптің қандай екенін кім шешеді», - делінген бейсенбіде Facebook-те орналастырылған митинг өткізу туралы өтніш хабарында.
Бұл ретте нақтыланғандай, митинг егер әкімдік рұқсат берсе 2 наурызда өтеді.
Сондай-ақ, журналистер бұйрық жобасын талқылау үшін дөңгелек үстел өткізуді жоспарлауда.
Бұған дейін хабарланғандай, ақпарат және коммуникация министрлігінің БАҚ қызметкерлерін аккредиттеудің қолданыстағы қағидасын күшейтуге бағытталған бастамасына түсінік берген Қазақстан парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева журналистердің өз мамандықтары үшін күресе білулері керегін айтқан еді.
«Қазір билікпен өзара қарым-қатынас жасаудың барлық мүмкіндіктері бар. Заң жобалары талқыланғанда – өз пікірін білдіріп, парламент және үкімет депутатттарымен жұмыс жасауға. Сіздер өз мамандықтарыңыз үшін күресе білулеріңіз керек. Осыны жақсы үйреніңіздер. Сіздер тек бірдеме болып қалған жағдайда ғана еске аласыздар», - деді бейсенбіде сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Д.Назарбаева.
Бұл ретте ол АКМ бұйырығының жобасымен таныспағанын атап өтті.
Сонымен қатар ол журналистикаға қатысты нормативті құқықтық актіні талықлау барысында журналистер қауымының сылбыр екенін мәлімдеді.
Еске салсақ, 13 ақпанда ҚазТАГ АКМ «Журналистерді аккредиттеу қағидатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына түзетулер енгізуге ниетті екенін хабарлады. Сол түзетулер енгізілген жағдайда қолданыстағы қағидаларға қарағанда журналистердің іс-шараларды таратуға жіберілу ережесі күшейтілетін болады. Құжат 13 ақпанда қоғамдық талқылауға шығарылды, ол 27 ақпанға дейін жалғасады.
АКМ жоспарын Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев та сынады, ол аккредиттеудің жаңа қағидалары арқылы мемлекеттік органдар журналистердің қоғамдық жаппай шараларға жіберілуін шектейді деп санайды. Ол журналистің шара өтетін жердегі ішкі тәртіпті сақтауға жазбаша түрде келісім беру сияқты мағынасыз талап Қазақстанда ешқашан болған емес деп атап өтті. Сонымен қатар ол журналист пен БАҚ арасында келісім-шарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжатты ұсыну туралы тармаққа да көңілі толайтынын білдірді, себебі ол азаматтық журналистиканың жоғалуына алып келеді. С. Матаев әзірге қағида жобасын талқылайтын уақыт бар кезде қазіргі таңда қоғамдық пікірді қалыптастырудың маңызды сегменті болып табылатын әлеуметтік желіде көптеген сын туғызу керек деп санайды.
«Өз кезегінде, біз қағида жобасын әріптестерімізбен, халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорымен талқылаймыз, сөйтіп қандай да бір келісілген шешім қабылдаймыз, үнсіз қалмаймыз», - деп түйді сөзін Қазақстан журналистер одағының төрағасы.


Жаңалықтармен бөлісу: