Алматыда журналистер арасында Көктөбе телемұнарасының 30 жылдығына арналған футболдан турнир өтті

Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ – Алматыда журналистер арасында Көктөбе телемұнарасының 30 жылдығына арналған футболдан турнир өтті. Оны Success медиа-агенттігінің қолдауымен «Қазтелерадио» АҚ мен Қазақстан журналистер одағы ұйымдастырды.  

Бірінші матчта телеарналар мен ғаламтор-басылымдарының командалары кездесті. Тартысты кездесуде   4:0 есебімен телеарна журналистері алға шықты.  Келесі ойында басылым БАҚ-тары мен «Қазтелерадио» АҚ кездесті.   Негізгі уақытта матч 2:2 есебімен аяқталды.   Пенальти кезеңінде «Қазтелерадио» АҚ футболистерінің жолы болды, мәреге шыққан олар телеарна журналистерінің командасын     3:2 есебімен жеңді. Үшінші орын үшін таласта басылым БАҚ-тары ғламатор-басылымдары командасын    4:1 есебімен жеңді.

Барлық жүлдегерлер кубокқа, бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал турнирдің әр қатысушысына Көктөбе телемүнарасының белгісі бар былғары доп сыйға тартылды.  

Үздік шабуылдаушы атағына  Андрей Жарков   («Алматы» телеарнасы), үздік қақпашы атағына Тамерлан Экажев («Қазтелерадио» АҚ) ие болды. Жеңімпаздарды Қазақстан журналистері одағының төрағасы   Сейтқазы Матаев, «Қазтелерадио» АҚ басқармасының орынбасары  Базарбай Жарменов пен Қазақстанда телерадиохабарларын таратуды дамытуда белсенділік танытқан  ардагер-байланысшы   Алдар Тұңғышбаев марапаттады.

Айта кетейік, турнир аясында №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерінің арасында да ойын өтті. Оған көптеген жылдар бойы «Қазтелерадио» АҚ басшылық етіп келеді. Бұл балалар командасы Алматының балалар үйлері арасындағы қалалық чемпионаттың жеңімпазы, олар жақында Миланда өткен халықаралық турнирге қатысып қайтты.  

adimage