Алматыда жылу маусымы 15 қазанда басталады

Күні: 16:52, 09-10-2018.

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Алматыдағы жылу маусымы 15 қазанда басталады, алайда мектептер, балабақшалар мен ауруханаларға 12 қазанда жылу беріледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктен.  
«Қаланың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша Алматыдағы жылу маусымы 2018 жылдың 15 қазанынан басталады. Өз кезегінде әлеуметтік объектілер, оның ішінде мектептер, бала бақшалар, ауруханалар 12 қазаннан бастап жылу желісіне қосылады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
Жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстарының барлығы белгіленген кестеге сай жүруде. Қаланың жылуэнергия кешендері алдағы жылу жұмыстарына 100% дайын.
Айта кетерлігі, қалада биылғы жылы 12 км жылу желісі, 23 км электр желісі, 283 км су құбыры мен 267 км кәріз желісі қайта жасалды.


Жаңалықтармен бөлісу: