Алматыда жылу маусымы басталатын уақыт белгілі болды

Күні: 17:41, 27-09-2019.

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев қалада жылу маусымының басталуы мүмкін уақытын атады.
«Ол (жылу маусымының басталуы – ҚазТАГ) орташа тәуліктік температураға байланысты. Егер ол үш тәулік бойы +8 төмен болса, жылу маусымы басталады. Бұл әдетте 10 қазаннан кейін болады», - деді Масабаев жұмадағы брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, жылу желілерін, қазандықтарды, сумен жабдықтау желілерін, электр тоғымен жабдықтауды қоса алғанда Алматы қалалық шаруашылығының жылу маусымына дайындығы, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың дайындығы (білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй қоры нысандары) 100% құрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: